КІШКЕНБАЕВТЫҢ КОНЦЕРТІ

0 172

fa5e3e6997351717de5d78599598ae2c

Алмас Кішкенбаев «Қазақ­стан» концерт залында 10 жыл­­дық есеп беру концертін өткізді. Әнші жанды дауыста шыр­қады. Оған қоса, кәсіби биші­лермен тең дәрежеде билеп, тыңдарманын таң қалдырды.

Бұл кеште Алмастың репер­туарындағы жаңа әндерін де тың­дадық. Әншіні құттықтай келген «V Әлем», «RinGo», «Классик» то­бының жігіттері өнер көрсетті. Ал, «Астана» телеарнасының шақыр­туымен концертке анасының келуі Алмастың өзі үшін де тосын сый болды. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген әншіміз өнердегі арқасүйер ағалары Ұлықпан Жолдасов, Арман Дүйсеновке және алғашқы продюсері Ләйлә Сұлтанқызына алғысын жеткізді. Концертке келген көрерменнің қошеметіне қарағанда, Алмастың есеп беру кеші сәтті өтті.

Әйгерім Балғабаева

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =