КІРІСТЕРДІҢ КӨЛЕМІ ӨСТІ

0 161

Кеше қалалық мәслихаттың Бюд­жет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәсе­лелері жөнін­дегі тұрақты комис­сия­ның отырысы өтті.

4

Онда Астана қаласының бюджетіне түсетін салық түсімдерін ұлғайту жө­ніндегі шаралар туралы Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілхайыр Сқақов баяндама жасады. Аталмыш департаменттің стратегиялық мақсаты не­гізгі үш бағытты қамтиды. Бұлар – бюджеттің табыс­ты бөлігін қамтамасыз ету, халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп, «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылды жүр­гізу. Департамент бас­шы­­сының айтуынша, алға қойған міндеттерге фис­калды әкімшілендірудің бірегей орталығын құру арқылы қол жеткізілуде. Нәтижесінде есепті кезеңде республикалық бюджет – 106 пайыз, жергілікті бюджет 102 пайыз көлемінде жоспар орындалған.
«Көлеңкелі» эконо­микаға қарсы күрес жүр­гізуде департаменттің жетістіктері де айтар­лық­тай. Акциздер айналымы бойынша «көлеңкелі» айналымнан 535 329 бө­телке алкоголь өнімдері алынған, лизенциясыз сатылған 67 881 бөтелке болса, 280 лицензия өз еркімен қайтарылып, 56 лицензияның жұмысы тоқтатылған. Сот шеші­мімен 6 лицензия қайта­рылып, 40 тонна мұнай өнімі айналымнан алын­ған. Бақылау-кассалық құралдарын енгізу арқылы айналымнан қолма-қол ақшаның үлесін азайтып, бюджет түсімі ұлғайтылған. Осыған дейін қала бойынша 15 292 POS-терминал орнатылған. Алдағы уа­қытта медициналық және білім беру мекемелері мен қызмет көрсетуші бірқатар ұйымдар осы қондырғымен жабдықталмақ.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 6 =