Кипрдегі «күн тұтылу»

0 89

25 наурызда жарты күнге созылған келіссөздерден кейін еуроаймақтың 17 елінің Қаржы министрі мен халықаралық кредиторлардың үштігі дағдарыс жайлаған Кипрге­ қаржылай көмек көрсету жөнінде алдын­ ала келісімге қол қойды. Алайда, айтулы­ сарапшылар мен беделді басылымдардың мәлімдеуінше, «саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған» мұндай көмек Жерорта­ теңізіндегі арал-мемлекеттің ахуалын оңалта қоюы екіталай.

Барлығын рет-ретімен баян­дайық. Он миллиард көле­мін­­де­гі аса зәру қаржылық демеу­ге­ қол жеткізген Кипрдің таяуда сай­лан­ған президенті Никос Анаста­сиа­дис есесіне қатаң шарттарды орын­­дауға міндеттеме алды. Яғни, елдегі екінші банк – Laiki-ды (Халық банкін) қайта құрылымдау қажет. Осы арқы­лы­ бюджетке 4,2 миллиард­ еуро қосым­ша қаржы түседі. «Қайта құру деген де, қайта құру…» демекші, реструк­тури­­зация жоспарына сәйкес, банк­те­ 100 мың еуроға дейін жинағы бар­ салымшылар сақтандырылып, ел­де­гі нөмірі бірінші жүйеқұраушы қар­­жы­лық­ институт – Кипр Банкіне (Bank of Cyprus) ауыстырылмақ. Ал 100 мың еуродан артық ақшасы бар са­лым­шы­лар, акция ұстаушылар мен­ несиегерлердің есеп­шот­та­ры­­ уақыт­ша құлыпталып, елдің қар­жы­лық­ жүйесін санациялау (сауықтыру – ред) мақсатында салық салынады. Оның нақты мөлшері әзірге бел­гі­сіз, алайда бірқатар іскерлік басылым­дар­дың жазуынша, есепшоттардағы соманың 40%-на дейін жетуі мүмкін. Франс-Пресс агенттігінің 25 наурыз­да­­ Кипрдегі дереккөзге сілтеме жа­сай­ отырып таратқан ақпаратына сенсек, қомақты қаржысы бар Laiki банкінің клиенттері 30%-ға дейінгі ақша­сынан қағылады. Бірақ ол түзім басқа банктерге жүрмейді. Олай дейтін себебеміз, осыдан бірнеше апта бұрынырақ Кипр билігі халық­ара­лық кредиторлардың талабы бойынша бір мезгілде барлық жергілікті қаржылық мекемелерден кәдімгі сүттің бетіндегі қаймағын сылып алғандай қылып, 6,75 бен 9,9 пайыз аралығында біржолдық салық жи­на­мақ болған. Осылайша арал-мемле­кет бюджетке 5,8 миллиард еуро қо­­сым­­ша демеуқаржы тарт­қысы кел­ді. Алайда ол заң жобасын Кипр пар­­­ла­­менті қабылдамай тастады. Сосын Үкіметке қосымша қаржы та­бу­­дың басқа балама жобасын жа­сау­­ға тура келді. Дегенмен, мұның өзі­ кипрлықтардың арасында, соны­мен қатар басқа мемлекеттердің тара­­пы­нан келіспеушілік туғызып отыр. Халықаралық валюта қоры мұны «контрибуция», яғни «соғыс шығыны» деп атады. Алайда контри­бу­ция ма, кәмпеске ме, ол жағы бір­тін­деп күшейіп келе жатқан халық на­ра­­зы­­лы­ғы насырға шапқанда бел­­гі­­­лі­ болмақ-ау.

Оффшордың соңы опыну боп қал­мақ

Өйткені Кипрдің банк жүйесі көбі­несе шетелдік салымшыларға тәу­елді, әсіресе, Ресей компанияла­ры­­ мен бизнесмендері үшін Жерор­та­­­ теңізіндегі арал-мемлекет осы уа­қыт­қа дейін оффшорлық аймақ ретінде артық-ауыс ақшаны жасыратын, түр­лі қаржылық операция жүргізетін «қолайлы қолат» боп келген. Енді Кипрдегі кең дүниенің аузы тарылып, салымшылар мен акционерлердің ақшасына қауіп төніп тұр. Орыс олигархтарының, тіпті, Ресейдің мем­ле­кеттік ком­па­ния­ларының қаржысы оффшорлық аймақта жатуы ықтимал екенін ескерсек, Кипрдегі жағдай өзіне де, Ресей экономикасына зор­ зар­дап тигізуі мүмкін. Халық теле­ди­дар мен баспасөзді бағып, енді қалай болады деп елеңдейді. Кипр көшелерінде жұрт жаппай кө­те­рі­ліс­ке­ шығудың аз-ақ алдында. Қазірдің өзінде мындаған қызметкерлер банк жабылса, жұмыссыз қалатынын біліп, шеруге шығып жатыр.

Көбейтеміз деп, көбіктендіріп алды

28 наурызда The Financial Times газе­тін­де Кипр президентінің ке­ңес­шісі, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Кристо­фер Писсаридестің мақаласы шық­ты.­ Ғалымның елдегі қаржылық дағ­да­рыс­тың себебі туралы ойын қаз-қал­пын­ша берейік:

«Көбі Кипрдегі дағдарыс Гре­ция­да­ғыға ұқсас, өйткені бұл екі ел өзара тығыз байланысты деп ойлайды. Алайда Кипрдегі бюджет тап­шы­лығы көршімізге қарағанда алқам шүкір. Сонымен қатар, бізде британ отаршыларының билік құр­ған заманынан қалған сапалы бух­гал­тер­лік және заңгерлік қызмет көр­сету саласы бар. 1974 жылғы тү­рік бас­қын­шылығынан кейін ауыл­ша­руа-­шы­лығы мен өндірістік базасының басым бөлігін уыстан шығарып алған Кипр туризммен қатар, іскер­лік қызметтерді дамытуды­ қол­ға алды. Қосарлы салық салуды­ ай­на­лып өте­тін­ келісімшарт, босаң көші-қон сая­са­ты мен өте төмен кор­по­ра­тивтік салықтың арқасында аралға Таяу Шығыстан, Еуропа елдерінен, Ресей­ден­ бизнес пен капитал ағыла бас­та­ды.­ Ха­лық­ара­лық валюта қоры,­ Еу­ро­ко­миссия және Еуропа орталық банкі деп аталатын «алпауыт үштіктің» пікірінше, Кипр депозиттерді шамадан тыс кө­бей­те­міз деп, көбік­тен­діріп алды. Оның жалпы көлемі ішкі жалпы өнімді сегіз орап алады. Бұл Люксембургтің ІЖӨ-дегі банк секторының үлес салмағына қарағанда аздау, бірақ Мальта мен Ирлан­диямен шамалас» деп жазады Кристофер Писсаридес.

Яғни, ешқандай нақты өндіріске арқа сүйемей, ауадан ақша жасау­дың арты ешқашан абырой әкел­мей­тініне тағы бір дәлел осы. Оны азырқансаңыздар, және бір Нобель сыйлығының иегері, америкалық экономист һәм публицист Пол Круг­­мен соңғы аптада The New York Times газетінде жарияланған «Блюз «горячих» денег» атты мақаласында Еуропадағы ахуал туралы мынадай ой түйеді: «1980 жылдардан кейінгі дағдарысты бастан өткерген елдерді ортақтастыратын не? Дәстүрлі көз­қа­рас тұрғысынан қарасақ, әрине, бәрі ысырапшылдықтың кесірінен. Алайда бұл мысал ұзынашұбақ мем­ле­кеттердің тізімінен тек Грецияға көбірек келіңкірейді. Бәріне алаяқ, жау­ап­сыз банкирлер кінәлі. Бұл уәж­ анағұрлым сенімді, өйткені кешегі Чили мен Швецияның да, бүгін­гі­ Кипрдің де дағдарысқа душар болуы­на­ осы фактор ықпал етіп отыр. Со­ны­мен қатар, қаржылық дағдарысты туғызатын тағы бір алғышарт – сырт­тан құйылған шетел­дік­ капитал. Мен атаған елдер­дің­ барлы­ғын­да­ғы­ дағ­да­рыс­тың түп негізін­де осы шетелдік капитал шамадан тыс көбейіп, сосын аяқасты жылыс­тауы­ның­ салқын салдары жатыр».

15 наурызда Кипрдегі бүкіл банк­тер уақытша операцияларын тоқ­тат­қан еді. 28 наурызда қайтадан ашыла бастады. Алайда киприоттар есеп­шоттарынан күніне 300 еуродан артық ақша ала алмайды. Тұрғындар азық-түлікке, коммуналдық төлем­дер­ге, жүріп-тұруға жеткілікті қар­жы­ны қолдарына ұстай алмайтыны­на наразы. Шетелге шыққандар өзде­рімен бірге 1000-3000 еуро шама­сында ғана ақша алып жүре ала­ды, ал дебеттік, кредиттік карта­мен жүргізілетін төлемдер айына 5000­ еуродан аспауы тиіс. Осы­лай­ша Кипрдің Орталық банкі ел­ден капиталдың жаппай жылыс­тап кетуіне тосқауыл қойып отыр. Әлбетте, бұл шетелдік салым­шы­лар­ға, әсіресе, оффшордың қызығын көреміз деп, көрікті артықтау басып жіберген Ресейге ұнамайды. Яғни, тыйымның геосаяси да шетін жағы бар.

Әлемдік баспасөзге шолу жасаған Еділ БӨКЕЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 6 =