Кинотеатрлар күтеді

0 14

Елімізде кинотеатрлар, банкет залдары мен тамақтану нысандары қайта ашылды. Кеше ҚР ДСМ бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды.Құжатта «Ashyq» қанатқақты жобасын қолдану арқылы театр­лар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс іс­теуіне рұқсат берілген.
«Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап кинотеатрлар, театрлар және филармониялар, банкет залдары, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану нысандары, ерікті қатысушылар;
Екінші кезеңде 21 сәуірден бастап облысаралық және қала­аралық туристік тасымалдар, бильярд клубтары, концерт залдары;
Үшінші кезеңде 5 мамырдан бастап караоке, «жасыл аймақтағы» банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр)» деп жазылған қаулыда.
26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» қанатқақты жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне таратылады. Сондай-ақ «Ashyq» пилоттық жобасын йога, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation, боулинг, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) іске асыруды жалғастыру жазылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 16 =