КИНОЭПОПЕЯ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

0 148

Elbasy film10Мереке күндері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған «Елбасы жолы» атты киноэпопеяның тұсаукесері өтті.

«Елбасы жолы» киноэпопея­сы осыдан 2 жыл бұрын жарыққа шыққан «Балалық шағымның аспаны» фильмінің жалғасы. Ол «От өзен» және «Темір тау» деген екі фильмнен құралған.
– Кинотуынды 1,5 жыл түсіріл­­ді. Елбасы өмірбаянының ізі­мен жүріп 58-жылдан бастап 68 жыл­ға дейінгі 10 жыл аралығын қамтып, 1,5 жылда доста­рыммен, шығар­ма­­шы­лық тобыммен тоқта­май күні-түні түсір­дік. Екі то­лық­­мет­­раж­ды фильм дүние­ге кел­­ді, – деді киноэпо­пея режи­с­­сері Рүстем Әбдірашев тұсаукесерде.
Айтуынша, киноэпопея түсіріліміне жүзден аса әртіс жұ­мыл­дырылған. Олардың қата­рында Бибігүл Төлегенова, Нұр­жұман Ықтымбаев, Нұрлан Әлім­жанов, Мәдина Есманова, Наталья Арынбасарова, Айдос Бектеміров, тағы басқалар бар.
Фильмнің сценарийін Шахимардан Құсайынов пен Рүстем Әбдірашов бірлесіп жазған.
«Киноэпопеяның жалғасы болады. Бұл екі картина Елбасының билік шыңына дейінгі жолын баяндайды», – деп түсіндірді фильм режиссері.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 8 =