Кімнің күмәні бар?

0 17

Әлемдік және еліміздегі ақпарат құралдары ДДҰ Sputnik V екпесін мақұлдау процесін тоқтатты деген мәлімет таратты. Олардың айтуынша, мұны Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы (PAHO) басшысының орынбасары Жарбас Барбоза мәлімдеген. Біз мұның қаншалықты рас екенін білу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен дәйекті ақпарат беруді сұрадық.

«Адырна» ұлттық порталы шетелдік басылымдарға сүйене отырып таратқан ақпаратта ресейлік вакцинаны шығаратын зауыттардың бірінде заң бұзушылық орын алған. Енді ДДҰ соған тексеру жүргізбек.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өндіруші вакцинаны шығаратын компаниялардың қажетті стандарттарға сәйкес келетінін дәлелдеуі тиіс. Әзірге «Sputnik V вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беру процесі тоқтатылды, себебі вакцина жасалған зауыттардың бірін тексеру кезінде зауыт өндірістік тәжірибені сақтамайтыны анықталды» деп түсіндірді Барбоза. Оның айтуынша, ДДҰ қазіргі уақытта зауыт «бұл келеңсіздікті тоқтатты» деген хабарламаны күтуде. Ол кейін міндетті түрде қайта тексеру жүргізілетінін де баса айтты.
Ал еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінен осы мәселеге қатысты мынадай жауап алған: «Қазіргі уақытта біз өтініш беруші мен өндірушілердің тексеру нәтижелеріне байланысты кешенді түзету және алдын алу шараларын қабылдауға қажетті өтінімдерді аяқтауын күтеміз және процестің жалғасуы үшін құжаттардың қалған бөліктері қарастырылуы мүмкін».

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + eighteen =