©2020 Астана Ақшамы
Кімдер келіп, кімдер кетті?
Осы аптада еліміздің билік саласында бірқатар өзгерістер болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарған Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Ал «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары болған Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігінің тізгіні сеніп тапсырылды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін де атқаратын болады.
«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары тізгінін Бауыржан Байбек ұстады.
Мемлекеттік хатшы қызметінен босаған Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі орынтағына жайғасты.
Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев жаңа құрылым – «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, ал бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметіне тағайындалды. Ал Қырымбек Елеуұлы Көшербаев өзі туған өңірі – Қызылорда облысының әкімі қызметіне кірісіп кетті.
Сондай-ақ, кеше Премьер-Министр Маңғыстау облысына жаңа әкім – Алик Айдарбаевты таныстырды.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ