Киелі жерлер түгенделіп жатыр

0 8

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын әзірлеуге тапсырма берген еді. Содан бастап еліміздің әр өңіріндегі киелі жерлер картасы дайындалды. «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясын әзірлеу қолға алынды. Таяуда Ұлттық музейде бұл еңбектің IV томы таныстырылды.

Бір айта кетерлігі, алдында жарық көрген энциклопедияның бірінші томына Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының және Ақмола мен Алматы облыстарының, екінші томына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының, үшінші томына Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының киелі жерлері енгізілген. Ал жаңа төртінші томда Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының қасиетті орындары топтастырылған.
«Энциклопедияны Қазақстанның барлық өңірі қамтып, кезек-­кезегімен шығарып жатырмыз. Жинақ екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. V томы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына арналады. Бұл еңбекті келесі жылы шығаруды жоспарлап отырмыз» дейді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Батырхан Жұмабаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =