Киберспорттан алғашқы ұтыс ойыны

0 11

Нұр-Сұлтанда киберспорт бойынша ҚР кубогының алғашқы ұтыс ойыны өтіп жатыр. Чемпион атағы үшін еліміздің 7 қаласынан келген спортшылар күресуде. Кибератлеттерге елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасы арқылы сәттілік тіледі.– Киберспорт ресми спорттық дәрежеге ие болады. Бұл спорт түрі миллиондаған аудитория жинап, қарқынды дамып келеді. Жаңа трендті біздің еліміз де ұстанады. Кибератлеттерге қызықты ойын мен жаңа жетістіктер тілеймін! Еліміздің бірінші чемпиондары атағын жеңіп алғандарға халықаралық аренада табыс тілейміз! Өзіңізге және өз күшіңізге сеніңіз. Спортшылар арасында тек жеңімпаздар немесе жеңілгендер жоқ екенін атап өткім келеді. Спортқа келген әрбір адам еңбек пен табандылық сияқ­ты маңызды қасиеттерді көрсетті. Ал бұл үлкен құрметке лайық! – деді әкім өз құттықтауында.
Оның айтуынша, бұл – соңғы жыл ішінде оффлайн режимінде өтіп жатқан алғашқы жарыс. Бірақ жарыс көрермендерсіз өтуде, олар үшін онлайн-көрсетілім ұйымдастырылды, яғни жарысты VK-дағы Qazaq Cybersport Federation ресми тобы, Atameken Business телеарнасы арқылы тамашалауға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =