Кибершабуыл жолы кесілді

0 10

Былтыр мамыр айында «goszakup.gov.kz» мемлекеттік интернет-ресурсының жұмысын уақытша тоқтатқан кибершабуыл дерегі бойынша тергеп-тексеру аяқталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында және Электрондық қаржы орталығының жәрдемімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды. Тергеп-тексеру және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс жасау құралдары алынды.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР ҚК 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан және 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =