Кезекші сыныптар ашылды

0 12

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мектептегі екінші тоқсан басталуына орай елордалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, оқыту форматына бірқатар өзгерістер енгізді.

Осыған дейін ата-­аналардың қалауымен сабаққа 1-ден 4-сыныпқа дейінгі балалар барса, енді бесінші сынып оқушылары үшін де кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Сондай-ақ халықаралық білім беру мекемелерінде бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушылар оқуға жіберілді.
– Мектептер тепловизорлар, дезинфекция­лық төсеніштер, барлық қажетті дезинфекция­лық құралдармен жабдықталған. Ата-аналар ғимаратқа кірмей, балаларын мектепке алып келуі керек. Баланың температурасы кіреберісте өлшенеді, антисептикпен қолды міндетті түрде өңдеу, маска тағу керек, – деп түсіндірді білім басқармасы.
Сонымен қатар санитарлық дәрігердің бұйрығымен бір бала COVID-19 ауруымен ауырған жағдайда бүкіл мектеп қашықтан оқытуға көшетіні көрсетілген. Кезекші сыныпқа қатысу ата-аналардың қалауымен жүзеге асады. Екінші тоқсанда елордада 3341 кезекші сынып құрылды, оларда 47 945 бала оқиды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 5 =