КЕЗЕКШІ ПРОКУРОР ИНСТИТУТЫНЫҢ КӨМЕГІ КӨП

0 133

d82ed86f2c80af57a31d9b339c68e127

Прокуратура органдары өз қызметінде азаматтардың заңды құқылары мен мүдделерінің қор­ға­луын қаншалықты қамтамасыз етуде? Мемлекет басшысының «Қазақстан әлемде адам­дар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуы тиіс» деген тапсырмасы қалай орындалуда? Қылмыстық істі жүргізудің сотқа дейінгі сатысын қадағалауда өзгеріс бар ма? Осы және басқа да мәселелер туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев айтып берді.

Оның айтуынша, прокуратура қызметіндегі ең өзекті мәселе – қыл­мыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауға түбегейлі өзгеріс енгізу. Осыған байланыс­ты жергілікті жерлерде қадағалау міндеттерін күшейте отырып, прокурорларды жаңа «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің» аясында жұмыс істеуге дайындық  жүргізілуде.

«Қылмыстарды тіркеуді тәртіпке келтіру бойынша аса ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі кезде қылмыстық ахуалға шынайы баға бере аламыз. Бұл – Президент Әкімшілігінің бейінді бөлімі мен Қауіпсіздік кеңесінің қолдауы арқасында жүргізілген үш жылдық жұмыстың нәтижесі. Соның арқа­сында қылмыстық ахуалды шынайы біле алатын болдық. Дегенмен, криминогендік жағдайдың тым нашарламағанын да айта кеткен жөн» дейді Н. Исаев.

Бүгінде елімізде аса ауыр қылмыс түрлеріне жататын кісі өлтіру, тонау мен қарақшылық едәуір азайған. Қылмыстың түгел тіркелуін қамта­масыз ету мақсатындағы  жұмыстар өз нәтижесін беруде. Яғни, органдар қылмысты тіркеу мәселесіне қатысты шешімдерді жедел қабыл­дауға қол жеткізген.

– Қазіргі уақытта жүз арызда­ну­шының тоқсаны үш күн ішінде өздерінің шағымдары бойынша қандай шешім қабылданғанын біле алады. Сонымен қатар, қылмыстық процесс барысында азаматтардың конституциялық құқын қорғау – осы саладағы қадағалаудың бас­ты бағыты. Осы ретте кезекші прокурорлар институтын енгізу шаралары нәтижесінде азаматтарды негізсіз  ұстау, заңсыз тінту барынша азайды. Біздің мақсат – заңсыздықтарды мүлдем болдырмау, – дейді бас про­курордың орынбасары.

Естеріңізде болса, былтыр қараша айында бас прокурор тұт­қындауға балама ретінде ке­пілдікті кеңінен қолдану туралы нұсқау берген. Бұл біздің елде қолданылмаған, бірақ, әлемде бар тәжірибе. Егер өткен жылы жиырма рет қана кепілдік берілсе, соңғы төрт айда бұл 875 адамға қолданылыпты. Десек те, қыл­мыс­тық іс жүргізудің сотқа дейінгі саты­сының заңдылығын қадағалау сала­сында шешімін таппаған мәселе  әлі де көп.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 11 =