Кевин Даллмэн – Қазақстан азаматы

0 63

2008-2012 жылдар аралығында «Барыс» командасында ойнаған Даллмэн бірер күн бұрын Қазақстан азаматтығын алды. Шайбалы хоккейден Латвияда өтетін олимпиадаға іріктеу турнирінің финалдық ойындарында ол ұлттық құрама сапында өнер көрсететін болды. Біздің команда қатарында шығуына IIHF те (халықаралық шайбалы хоккей федерациясы) рұқсатын берген көрінеді. Бұйырса, Кевин Ригада өтетін төрт ел тартысында Қазақстан үшін ақ айдында атой салмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарына шайбалы хоккейден берілетін жалғыз жолдама үшін жақын күндері Қазақстан, Латвия, Франция және Ұлыбритания елдері таласқа түседі. Біздің құрама 7 ақпан күні француздармен, 8-і күні латыштармен және 10-ында британ командасымен жолығады.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =