Кешенді жұмыстар жолға қойылған

0 95

Елорда аумағы 24 аймаққа бөлінген. 5091 қоқыс алаңына 15000-нан астам контейнер орнатылған. Қатты тұрмыс­тық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша кешенді жұмыстарды қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен «Clean City NC» ЖШС жүзеге асырады.Күн сайын қала аумағынан 900-1000 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. 2018 жылдан бастап екі фракция – «дымқыл» (тамақ қалдықтары) және «құрғақ» (қағаз, пластик, шыны, металл) қалдықтар болып бөлек жинау жүйесі енгізілді.
Сары контейнерлерден сұрыпталған қалдықтарды ақ түсті қоқыс тасу көлігі шығарады. Алаңның айналасындағы екі метр радиуста қоқыс іріктеледі. Жасыл және металл контейнерлерден қалдықтарды қызғылт-сары қоқыс тасу көлігі жинайды.
Қалдықтарды шығару күн сайын сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін екі ауысымда жүргізіледі. Жағымсыз иістің таралуын және кеміргіштердің, жәндіктердің пайда болуын болдырмау, экологиялық қауіпсіздік нормаларын бұзбау үшін контейнерлерді қауіпсіз дезинфекциялау құралдарымен жуу және өңдеу тұрақты негізде жүргізіледі.
Қала аумағында пайда болған барлық қалдықтар қоқыс өңдеу кешеніне апарылады. Оның аумағында қалдықтарды қабылдауға арналған екі желі жұмыс істейді. Кешенде қалдықтар сұрыпталады, брикеттеледі және өңделеді. Қайта өңдеуге жатпайтын брикеттелген қатты тұрмыстық қалдықтар кейіннен көму үшін полигонға шығарылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − fourteen =