КЕШЕНДІ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕНДІ

0 129

кешенді жоспар

Астана қаласының маңын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.

Кешенді жоспарды қабылдау Астана қаласының маңындағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалалық деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.

2014 жылғы 25 сәуірде Астана қаласын одан әрі дамытуға арналған отырыс барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі «Астана қаласының маңын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысының жобасын жасаған болатын.

Астана қаласының маңында жалпы ауданы 4 168 га және халқының саны 109 408 мың адамды құрайтын елордаға қосылған 19 тұрғын алап орналасқан. Олардың ішінде Железнодорожный, Интернациональный, Достық, Мичурино, Күйгенжар, Промышленный, Казгородок, Қазақ ауыл, Оңтүстік-шығыс (сол жағы), Оңтүстік-шығыс (оң жағы), Көктал-1, Көктал-2, Өндіріс, Комсомольский, Заречный, Тельман, Ильинка, Пригородный және Қараөткел бар.

Кешенді жоспарда анықталған басты стратегиялық бағыттар бойынша көлік инфрақұрылымы; электрмен жабдықтау нысандары; коммуналдық шаруашылық объектілері; 24 000 орынды 21 жалпы білім беру мектебі мен 11 940 орынды 47 мектепке дейінгі мекемені құрайтын білім саласы; бір ауысымда 3 610 адамды қабылдайтын 7 емхана, бір ауысымда

1 300 келушіні қабылдайтын 7 от­басылық-дәрігерлік амбулатория (ОДА) және бір ауысымда 400 келу­шіге арналған 1 жедел медициналық жәрдемнің шағын стансасын құрайтын денсаулық сақтау саласы дамытылады.

Қала маңындағы бекеттерде ұзындығы 398,12 км жол, сонымен қатар, тұрмыстық және жауындық кәріздерге, сумен әрі электрмен қамтуға арналған 1520,82 км инженерлік желі және трансформаторлық шағын стансалар, сорғы стансалары мен жауындық кәріздерді тазарту құрылысына лайық­талған 112 инженерлік құрылыс салу жоспарланған.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 1 =