Кеселге қарсы кеңес берді

0 103

Кеше «Наз» мемлекеттік би теат­рында Астана қалалық ІІД-де есепте тұрған мектеп оқушыларына «Біз наша­­қорлыққа қарсымыз, темекі мен ішімдікке жол жоқ, «ЖҚТБ-мен күресеміз!» деген атпен саламатты өмір салты насихатталды.

Бұл шараны Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаеваның профилактикалық есепте тұрған кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтендіру бойынша тапсырмасына сәйкес, жергілікті Мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр. Негізгі ұстаным – өскелең ұрпаққа зиянды әрекеттердің кеселін түсіндіре отырып, оларды спортпен шұғылдануға шақыру болып табылады. Сол аяда есірткінің зияны мен ЖҚТБ дертінен сақтанудың жолдары туралы арнайы мамандардың дәрістері оқылып, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналған кеселдің алдын алу жөніндегі бейнероликтер де көрсетілді.

Сондай-ақ, кездесуге келген жасөспірімдер «Наз» мемлекеттік би театры шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ырысты ЖАЛҒАСБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 15 =