Кесек ой, келісті сөз сайысы

0 294

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХV қалалық байқауы өтті. Биыл туғанына жетпіс жыл толған қаламгер атындағы сайыс «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» деп аталды. 

Тіл мәдениетін көтеріп, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талаптыларды іздеп, өнерлі жастардың талан­тын шыңдау мақсатындағы шара алдында қатысушылар жазушы рухына тағзым етіп, төрге ілінген суретіне гүл шоқтарын қойды. Осы сәтте көпшілік елордада Оралхан атындағы көше, не нысан, не ескерткіші жоқ­ты­ғына қамыққандай-ақ.

Байқауда он бес пен отыз жаc аралы­ғын­да­ғы үміткерлер прозалық шығармадан үзінді, драмалық шығармадан монолог және мәнерлеп өлең оқыды.

«Он бесінші өткен шараға қатысуға өті­ніш­ білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. Биыл байқауға қатысуға жүзге тарта үміт­кер тілек білдірген болатын. Солардың ішінен он бір өнерпазды іріктеп алдық» дейді ұйымдастырушылар.

Көркемсөз сайысында бас жүлдені, яғни, бірінші орынды Әлкей Марғұлан атын­дағы №40 орта мектептің 9-сынып­ оқу­шысы Данияр Жақып жеңіп алып, рес­­пу­б­ли­ка­лық байқауға жолдама алды. Екін­ші орынды Қазақ технология­ және бизнес университетінің 2-курс студенті Ақерке Төлеген мен Еуразия гума­ни­тар­лық­ институтының 3-курс студенті Анар Сәрсенбай өзара бөлісті. Медициналық кол­ледж­дің 1-курс студенті Динара Берік, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­тех­ни­ка­лық университетінің студенттері Әмина Реш пен Қуаныш Дүйсенқұлов үшінші тұғырды місе тұтты. Жеңімпаздар арнайы дип­лом­дармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шахназ АСХАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + twelve =