Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Керек кеңес

0 330

Айлардың сұлтаны атанған Рамазан – сауап, кешірім, құлшылық айы. Бұл айда алғаш ауыз бекіткен жандардың көкейінде көптеген сауалдар туындайды. Ендеше, оразамыз қабыл болып, пайдасы тиюі үшін он керек кеңесті әзірледік. Әзірге төрт кеңесті назарларыңызға ұсынамыз.

Бірінші кеңес

Көркем мінез-құлық ұстану

Күпірліктен, дінге, ділге тіл тигізуден, ораза екенімізді міндет қылып, айналамыздағы адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз керек. Ораза мінез-құлығымызды бұзбайды, керісінше, оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен шығарады. Алланың ұлық елшісі (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаға оның ішіп-жеуден тыйы­луының қажеті жоқ» деп айтқан (Әл Бұхари).

Екінші кеңес

Жаман сөзден аулақ болу

Әйтпесе тұтқан оразамыз зая кетеді. Алланың елшісі (с.а.у.): «Қайсыбіріңнің ораза тұтатын күні болса, онда бұзықтық істемесін, айғай-шу шығармасын, ал біреу оны балағаттаса немесе оған соқтықса: «Мен ораза тұтқан адаммын!» десін, – деп айтқанын әрдайым есте ұстау қажет (Әл Бұхари, Муслим).

Үшінші кеңес

Ауызашарда шектен тыс тамақтанбау

Ауызашарда тамақты шектен тыс қарпымау керек. Бұл – оразаның пайдасын кемітеді, әрі денсаулыққа зиянын тигізеді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сай ауыз ашқан абзал. Алланың елшісі (с.а.у): «Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар. Егер құрма таппаса, сумен ашсын, өйткені ол – таза» (Әт-Тирмизи) деген. Күн бата салысымен тез ауыз ашуға асығу керек. Алланың елшісі (с.а.у.): «Адамдар ауызашарды асықтырған сайын игілікте болады» (Әл Бұхари, Муслим) деген.

Төртінші кеңес

Сәресін ішу керек

Оразаны алғаш ұстағандар: «Сә­ресіге тұрмай-ақ ораза ұстасам бола ма?» деген сауалды жиі қояды. Сәресі – таң әлі атпай тұрып, түннің соңғы мезгілінде ішілетін ас. Алланың елшісі (с.а.с.) бір хадисінде сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін: «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де, оны үзбе. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді» деп жеткізген.
Сәресі – ең берекелі уақыт. Ол – дұға, намаз оқылып, Құран қабыл болатын сәт. Бұған қоса сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Сәресінің уақытын кешіктіріп, таң намазының уақытының кіруіне аз қалғанда жеген абзал.

Әзірлеген Төлен ТІЛЕУБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды