«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Керек кеңес

0 135

Балкон мен бөлмені қосу заңды ма?

Жаңадан алған баспанаңыздың ішкі жобасы ыңғайсыздық тудырып, үйіңіздің ішін тарылтып тұр ма? Әдетте, мұндай шақта көпшілік балконды төргі бөлмеге немесе асүйге қосқанды жөн көреді. Ал бұл қаншалықты заңды? Бұл ойды жүзеге асыру үшін не істеу керек?

Ең маңыздысы!

1-қадам. Балкон мен бөлменің өзгеретін тұсына эскизделген жобадағы нұсқасын әзірлеу. Бұл жобаны арнайы лицензиясы бар мамандар ғана дайындайды.

2-қадам. Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының рұқсатын алу. Рұқсат берілмей тұрып, балкон мен бөлмені біріктіруге болмайды. Өтінішті ХҚО-ға немесе басқарманың өзіне барып жазуға болады.

3-қадам. Пәтер ауданының өзгергені туралы қорытындымен бірге пәтерге техникалық төлқұжатқа нақты қайта жоспарлаумен тапсырыс беру.

4-қадам. Пәтерді қолданысқа енгізу үшін акт алу қажет. Бұл да Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы арқылы жүзеге асады.

5-қадам. Техникалық сипаттамалардың өзгерістері туралы актіні Әділет департаментіне тіркеу қажет.

Мынадай  құжаттар қажет:

өтініш; жеке куәлік; техникалық жобалау; енгізілетін өзгерістің эскизді жобасы; жылжымайтын мүлікті иеленуге құқық белгілейтін құжаттар; егер бөлме мен балконды біріктіру маңа­йындағы көршілерге әсер етер болса, олар­­дың нотариалды келі­сімі.

Баспалдақ астындағы қойма

Пәтеріңізде артық заттар қоятын орын жоқ па? Алайда подъезд ішіндегі баспалдақтың асты бос, соны қойма ретінде пайдаланғыңыз келе ме? Ол үшін не істеу керек?

Маңызды мәлімет:

* «Тұрғын үй қатынастары туралы заң» бойынша көпқабатты тұрғын үйдегі шатырдың, баспалдақтың астыңғы бөлігі, лифт, подъезд, жертөле секілді орындар сол үйде тұратын жандарға ортақ орын, яғни жекеменшік болып есептелмейді.
* Тұрғындардың бірі қойма ретінде баспалдақтың, шатырдың астын, жертөлені пайдаланғысы келсе, сол подъезде тұратын үй иелерінің кемінде 2/3 келісімін алу немесе кондоминиум объектісін басқару органының шешімімен пайдалану шарт етіледі.
* Осыдан кейін Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының рұқсатын алу шарт. Рұқсат берілгеннен кейін қауіпсіздік мақсатында қойма ішіне өрт сигнализациясын және түтінді сыртқа шығаратын құрылғы орнату шарт етіледі.

Қажет құжаттар тізімі:

ПИК-ке өтініш; жеке куәлік; тұрғындардың нотариалданған келісімі; Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының рұқсаты. Міне, осы шарттар толығымен атқарылғаннан кейін бұл заңды қойма ретінде есептеледі.

ЕСТЕ ҰСТАУ ҚАЖЕТ!

* Балкон мен бөлме арасын біріктірмес бұрын тіреуіштері, қабырғалары ғимараттың маңызды бөліктері еместігіне көз жеткізу керек.
* Тұрғын үйдегі жалпы жылу жүйесіне зиян келтірмес үшін жылу батареясын балконға орнатуға болмайды. Балкон жылумен қамтамасыз етілмейтін тұсы болғандықтан, жылу энергиясы бұл орынға есептелмеген.
* Құрылыс нормалары мен ережелеріне байланысты балкон апаттық жағдайдағы қосымша есік болып есептеледі. Ал 5-қабаттан, яғни 15 метрден жоғары қабаттағылары эвакуация­лық шығу көзі болып саналады. Сондықтан, міне, осы қабаттағы пәтер иелері балконды ішкі бөлмемен біріктіруіне болмайды.
* Архитектор, инженер секілді мамандардың көмегінсіз балкон мен бөлме арасын біріктіруге болмайды. Мамандар алдымен зерттеу жүргізіп, қабырғаның маңыздылығын анықтайды. Кері жағдайда ғимаратта жарықшақ пайда болуы, тіптен опырылып, адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін.
* Балкон аумағын жылыту үшін жылытылған еден жүйесін, қосымша электр жабдығын пайдаланған жөн.

Бос жұмыс орындары

Жүйелік әкімші – 1 адам (жалақысы – 80 мың тг) «Отель Каспий Астана» ЖШС

Автомобильді кран машинисі – 1 адам (жалақысы – 140 мың тг) «Bazis Construction» ЖШС Астана қаласындағы филиалы

Бағыттық автобус жүргі­зушісі – 10 адам (жалақысы – 250 мың тг) №8 автобус паркі

Тамақ өнімдерін тиеу­ші-түсіруші – 1 адам (жалақысы – 70 мың тг-ден 90 мың тг-ге дейін) «Цесна-Астық» концерні

Қауіпсіздік техникасы бо­йынша инженер – 1 адам (жалақысы – 130 мың тг) «AIE Logistics» ЖШС

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші – 1 адам (жалақысы – 174 мың тг) «Fortebank» АҚ

Әуе қозғалысының координаторы – 1 адам (жалақысы – 220 мың тг) «Қазаэронавигация» РМК

Банкоматтар механигі – 1 адам (жалақысы – 312 мың тг) «Fortebank» АҚ

Бөлшек бизнес бағытының жетекші сарапшысы – 1 адам (жалақысы – 243 мың тг) «Fortebank» АҚ

Бөлшек бизнес бағытының бас менеджері – 1 адам (жалақысы – 138 мың тг) «Fortebank» АҚ

Операциялық қызметтерді қолдау жөніндегі бас менеджер – 1 адам (жалақысы – 105 мың тг) «Fortebank» АҚ

Жабдықтарды жинақтау жө­ніндегі инженер – 1 адам (жалақысы – 55 мың тг) №32 мектеп-гимназия

Шет тілі мұғалімі – 1 адам (жалақысы – 50 мың тг) №32 мектеп-гимназия

Шаштараз өнері және декоративті косметика оқытушысы – 1 адам (жалақысы – 100 мың тг)
Астана менеджмент және  бизнес колледжі

Арнайы психопедагогика мамандығы бойынша психолог – 1 адам (жалақысы – 90 мың тг)
Астана менеджмент және  бизнес колледжі

Үй-жайларды жинап-таза­лау­шы – 6 адам (жалақысы – 90 мың тг) «GLB» ЖШС

Тәрбие ісі жөніндегі тәлімгер – 1 адам (жалақысы – 80 мың тг) ь№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды