«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Керек кеңес

0 363

Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі ерте өледі деген ырым бар.
Ақшаң киімге терден сіңіп қалатын сарғылт дақты тұз тез кетіреді. Бір литр суға төрт шай қасық тұз қосып, жұмсақ шүберекпен сүртіп жіберсеңіз, дақтың ізі қалмай жоғалып кетеді.
Жолда жүргенде немесе жұмыс барысында басыңыз ауырып кетсе, дереу бір стақан салқын су ішіп жіберіңіз. Ал қолыңызға жақын болса, лимон немесе бал қосылған жылы су ішсеңіз, бас ауруы басылады.

Домбыраны таңдағанда бірінші мойнының тегістігіне көз жеткізген жөн. Домбыра мойны оқтай түзу болу керек. Екіншіден, құлақ бұрауын келтіріп, шертіп көріңіз. Құлақ бұрауы дұрыс болмаса, домбыра үні өзгеше шығады. Халық арасында кеңінен таралған тенор домбыраның мойнының ұзындығы, нақтырақ айтқанда, шайтан тиек пен он тоғызыншы перне аралығы 48 сантиметр болуы шарт. Домбыраның ішегіне де мән беріңіз. Он тоғызыншы перне тұсындағы қақпақ пен ішектің арақашықтығы шамамен 6-7 миллиметр болуы керек.

Алдараспан – халық емге қолданатын шипалы өсімдіктің бірі. Бұл өсімдіктің қайнатпасын ревматизм, қышыма, безгек және қотыр ауруларына шүберекпен демдеп орау арқылы емдеуге пайдаланады. Сондай-ақ, оның түтінімен бас ауруын жазуға, жұқпалы ауруы бар адам жататын бөлмені залал­сыз­дандыруға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды