КЕНТТЕРДЕГІ КӨШЕЛЕР КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

0 129

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология,­ көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық­ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісінде Астананың шет аймақтарының көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту­ перспективалары­ мен проблемалары кеңінен сөз болды. 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылы Астанада жалпы саны 115,1 шақырым жол салынып, қайта жөнделетін болды. Басқарма бастығы Рашид Аманжоловтың айтуынша, бүгінгі таңда елорданың 150 мың тұрғыны бар 20 тұрғын алабында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге Комсомольский, Қараөткел, Казгородок кенттері мен Нұрғиса Тілендиев даңғылының оңтүстік бөлігінде инженерлік желілер мен жол салу жұмыстары аяқталуға жақын. Атап айтсақ, Комсомольский елді мекенінде 19 көше қайта жөндеуден өткізіліп, жаңа 11 жолдың құрылысы басталса, Қараөткел кентінде 15 көше жөнделіп, бесеуі жаңадан салынды. Алдағы уақытта Достық, Интернациональный, Мичурин, Күйгенжар, Тельман, Өндіріс, Заречный, сондай-ақ Көктал-1, Көктал-2, Қазақауыл, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары, Тілендиев даңғы­лы­ның батыс жағы мен қаланың басқа да аудандарында көшелер жөнделіп, жолдар салынбақшы.

Жалпы, ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде Астанада жалпы­ саны 335,3 шақырым жол салынып, қайта жөнделеді. Депутаттар болса, қаламыздағы Бабатайұлы, Шұғыла, Жаяу Мұса көше­ле­рін­дегі айқыш-жолдардың тез арада жөн­делуі қажеттігін алға тартты. Мәжілісті қоры­тын­дылай келе, мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов бұл ретте аталмыш мәсе­ленің шешілуі қаланың жол-құрылыс жоба­сы­ның жүзеге асырылу жылдамдығына тікелей байланысты екенін ескертті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 16 =