«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кеңейтілген отырыстағы келелі әңгіме

0 118

Кеше Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді.

 Оған Үкімет мүшелері, Сенат пен Мәжіліс спикерлері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Жиында 1-ші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары тыңдалды. Әлеуметтік-­экономикалық даму қорытындылары туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин, ақша-­несие саясаты туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, индустриалдық-инновациялық даму туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, әлеуметтік даму жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ауыл шаруашылығының дамуы жайлы Ауыл шаруашылығы минис­трі Сапархан Омаров баяндама жасады.
Сондай-ақ Түркістан, Қарағанды, Атырау облысының әкімдері де Президентке есеп берді. Басқосуда біздің қоғамдағы ең өзекті, күрделі және түйткілді мәселелер көтеріліп, шешу жолдары айтылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Асқар Мамин басқаратын Үкіметтің кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап айтып, өзіне жүктелген міндеттерді толық атқаратынына сенім білдірді. Бұл жиын туралы толық мақаланы газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды