«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кемшіліктер көрсетілді

0 176

Жақында қала басшысы қызмет көрсетуші ұйымдар мен лифт шаруашылығының жұмысына тексеріс жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай елордалық әкімдікте арнайы жиын өтті.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, елордадағы 486 қызмет көрсетуші ұйымның 313-інің жұмысына тексеріс жүргізілген. Тексеріс барысында жауын-шашыннан кейін кейбір ғимараттардың төбесінен су ағып тұрғаны, инженерлік желілер мен жертөлелерінің тиісті деңгейде болмауы, жылыту маусымына дайындықтың жүргізілмеуі сияқты «СК Қызылжар» ЖШС, «Жағыпар» ПИК, «Тұрмыс» ЖШС сынды бірқатар қызмет көрсетуші ұйымдардың кемшіліктері анықталыпты. Соның ішінде 48 ұйымға тиесілі тұрғын үйлердің шатырды жөндеу, қасбетті ретке келтіру, кіреберіс пен жертөлені және инженерлік, техникалық жағдайын жақсарту сияқты жұмыстар жүктелген екен. Бұл тұрғыда Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тиісті жұмыстарды атқармаған «Орда Тазалық 777» ЖШС, «Жайлы үйлер» ЖШС, «Алматы Қызмет» ЖШС сияқты 8 компанияға қатысты материалдарды сотқа жіберген.
Сондай-ақ бұл мәселелер жөнінде аталмыш басқармамен қатар, iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына, яғни «109» нөміріне хабарласуға болады. Сәуір айынан бері мұнда да тұрғындар қызмет көрсетуші ұйымдар, лифт шаруашылығы жөнінде 433 рет шағымданыпты. Бұл тұрғыда iKomek орталығы арқылы келіп түскен жұмыстар да ұдайы бақылауда көрінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды