КЭМЕРОН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

0 95

Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.КэмеронҚазақстанға алғашқы ресмисапарымен келеді. Бұл туралы кеше брифингте Қазақстан Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. 

Ресми өкілдің айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруыменАстанаға ат басынбұратын мәртебелі мейманның сапары 30 маусымда басталады.

Атап айтсақ, 30 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон Атырауда болып, онда Каспий шельфінде жұмыс істейтін британдық компания өкілдерімен кездесу жоспарланған. Содан соң 1 шілдеде Ұлыбритания премьері сапарының  ресми бөлігі Астанада жалғасып, екі елдің мүддесіне сай көптеген мәселелер шағын және кеңейтілген құрамда талқыға түсетін болады.

– Бұл екіжақты қарым-қатынастар үшін өте маңызды сапар әрі біздің өзара қарым-қатынастарымыздың жаңа бетін ашуға негізделген. Кездесулер барысында ОрталықАзиядағы қауіпсіздік, мұнай-газ салаларындағы және басқа да мәселелер басты назарда болады, – деді А.Әбибуллаев.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 17 =