©2020 Астана Ақшамы
Кемеңгерліктің 30 жылы
Ұлттық музейдің ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет атқарғанына 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз ел – жаңа дәуір бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға түрлі сала мамандары, сарапшылар, студенттер, музей қызметкерлері қатысып, Елбасының атқарған қызметі мен еліміздің өркендеп дамуына қосқан үлесі туралы сөз қозғады.
Өз кезегінде «Серпін» сыйлығының иегері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы даланың 100 ақыны» атты кітап шығарып, оны түрік, ағылшын тілдеріне аударып жатқанын тілге тиек етті.
– 30 жыл ішінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде көшбасшы елдердің қатарына қосылды. Осы уақытқа дейін еліміздің бағындырған белесінің бәрі – Елбасымыздың арқасы. Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар халықтың жағдайының жақсаруына әлі де зор ықпал ететініне сеніміміз мол, – деді «Руxаният» мекемесі басшысының орынбасары Нұрсұлтан Қарымбай тілшілерге берген сұxбатында.
Айта кетсек, жақында ғана Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткен болатын.
Аружан ТҰРҒАНБАЕВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті