Кемеңгер мұрасынан сыр шертеді

0 52

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұлы ойшылдың 175 жылдығына орай қалың жұрттың назарына «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуалды көрмесін ұсынады. Бұл шара философия, әдебиет, музыка салаларымен ұштасқан кемеңгердің мұрасынан сыр шертеді.Көрме материалдарына Елбасының сөйлеген сөздері де енді. Мәселен, 1995 жылғы 9 тамызда Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай Алматыда өткен салтанатты жиында Елбасы былай деді: «Абай жылын өткізген жақсы. Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жататын нақты іске айналса, тіптен құба-құп. Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгеніміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден-бір белгісі де осы…».
Аталмыш көрме Абай мұрасының халық қазынасы екенін дәйектейді. Қоғамның рухани тірегіне айналған ойшылдың мұрасы құндылықтар сабақтас­тығын сақтап қала береді.
«Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» бейнекөрмесін Елбасы кітапханасының ресми сайтындағы «Виртуалды көрмелер» бөлімінен табуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + eleven =