Кемемен серуендейтін күн алыс емес

0 9

Елорданың Есіл өзенінде кемемен серуендеу жақын күндері іске қосылады.Есіл өзенінің жағасында серуендеу әдетте мамыр айынан басталады. Жақын күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Есіл өзенінде жолаушылар теплоходы іске қосылады. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың навигациялық кезеңіне дайындық жұмыстарын бастады.
Жолаушылар кемесінің (шағын көлемді кемелердің) қауіпсіздігін арттыру мақсатында Есіл өзенінің ішкі су жолдарына металл тіреулердің жағалық навигациялық-дабылдық белгілер, навигациялық белгілер (қалқымалар) және қосымша көпір белгілері орнатылады.
Көрме жанындағы белгілердің бәрі тазалау, жуу және бояу кезеңдерінен өтеді. Содан кейін кептіріліп, соңғы кезеңде схема бойынша белгілер орнатылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =