КЕМЕЛ ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ

0 204

кемел тил

Қаламызда Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ қалалық фестивалі аясында көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі – сейсенбі күні Студенттер саябағында өткен «Кемел тілдің келешегі» атты жастар акциясы.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі насихатталған шараның шымылдығын Парламент Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы ашты. Ол жастарға: «Биыл 22 қыркүйек күні Тілдер туралы заңның қабылданғанына 25 жыл толады. Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп сенімді айтады және «Біздің мемлекеттің болашағы – жастар» дейді. Ендеше, қазақ тілдің болашағы – жастардың қолында» деп үндеу тастады.

Кешті шоумен Нұрболхан Шарапов жүргізді. Сахнада эстрада әншілері Жаңабай Өтегенов, «Ұмай» тобы және «Арт-домбыра» аспаптық триосы ән шырқады. Жайдарманшылар көпшіліктің көңілін көтерді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттері көрерменге флеш-моб ұсынды.

 Орынбек ӨТЕМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + one =