Кемел елдің келешегі

0 128

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жалынды жастар – елдің кемел келешегі» атты форум өтті. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен «Мейірім-Демеу» орталығы ұйытқы болған шараға ғалымдар, оралмандар, БАҚ және қоғамдық ұйым мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Форумда Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.Шилібекова шетел қазақ жастарының заманға сай сапалы білім алу мәселесін көтерді. Сырттан келген қандастардың Қазақстанға қосқан үлесі туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Сартқожаұлы баяндап берді. Еуразия ғылыми зерттеу орталығының директоры З.Қабылдинов тарихи тұлғалар туралы көпшілікті хабардар етсе, көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді Д.Мәсімханұлы талдады. Ал, «Мейірім-Демеу» орталығының төрайымы Жанагүл
Сейітқажы оралмандарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау қызметін ұйымдастыруды қолға алу керектігін алға тартты.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Ш.Абдығалиқызының «Қазақ тілі» кітабының тұсауы кесіліп, соңында белсенділік танытқан студенттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Хамит ЕСАМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 20 =