Келісті мектеп көз тартады

0 37

Нұр-Сұлтанда қала басшылығының қолдауымен Бахрейн Корольдігімен бірлесіп салынған №91 мектеп-гимназиясының ресми ашылуы өтті. Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан жаңа мектеп 1200 оқушыға арналған.

image-28-09-21-07-58-13
image-28-09-21-07-58-12
image-28-09-21-07-58-11
image-28-09-21-07-58-10
image-28-09-21-07-58-9
image-28-09-21-07-58-8
image-28-09-21-07-58-7
image-28-09-21-07-58-6
image-28-09-21-07-58-5
image-28-09-21-07-58-4
image-28-09-21-07-58-3
image-28-09-21-07-58-2
image-28-09-21-07-58-1
image-28-09-21-07-58
previous arrow
next arrow

Жаңа мектеп ғимаратында 62 кабинет және 11 зертхана бар. Мұнда еңбек кабинеттері, қыш шеберханасы, 418 орындық асхана, спорт және акт залдары, коворкинг аймағы, лингвис­тикалық кабинеттер және т.б. бар.
Мектептің оқу тілі – қазақ және орыс. Оқу орны көптілділік принципі бойынша жұмыс істейді. Мұнда негізгі оқыту тілдерінен бөлек араб, француз және неміс тілдері де оқытылады.
Ғимараттың үшінші қабатында 5 елдің – Қазақстан, Бахрейн Корольдігі, Ұлыбритания, Франция, Германия мәдениетін дәріптейтін мектеп мұражайы орналасқан. Осы мұражайда балалар көптілділік дағдыларын дамытады, полиглоттар клубы жұмыс істейді.
Сонымен қатар мектеп кітапханасында 5 елдің көркем әдебиетін табуға болады. Қазір бұл мектепте 1370 оқушы тегін білім алуда.
Оқу орнының ресми ашылу салтанатына елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов және еліміздің Корольдік гуманитарлық қорының Бас хатшысы, доктор Мұстафа әл-Саид бастаған Бахрейн Корольдігінің делегациясы қатысты.
«Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Мерейтой қарсаңында елордада үлкен және ауқымды мектептің құрылысы аяқталып, оқу процесі басталды. Оқушылар мен педагогтарды дәстүрлі форматта оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Пандемияға байланыс­ты оқушылар 1,5 жылдан астам уақыт қашықтан оқуға мәжбүр болды. Қазір оқушылардың жоғары деңгейде білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Біз әрқашан осындай идеялар мен әлеуметтік жобаларды қолдауға дайын­быз. Болашақта бауырлас елдермен осындай жобаларды одан әрі жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз» деді Асхат Оралов.
Өз кезегінде Мұстафа әл-Саид қала тұрғындарын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, еліміздің қарқынды дамуы мен жетістіктеріне таңданысын білдірді.
«Дәл қазір осындай керемет жерде болғаныма және Бахрейн Корольдігінің атынан қатысқаныма өте қуаныштымын және мақтанамын. Осы мектептің ашылуына қатысқандардың бәріне, қала әкімдігіне алғыс айтқым келеді, өйткені біз бұл мектептің Қазақстандағы, сондай-ақ Азиядағы ең үздік және әдемі мектептердің бірі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Мектепте араб тілін үйренуге арналған мұражай мен кабинет бар. Мұнда еліміздің мәдениеті мен дәстүрлері туралы білуге болады. Бұл мектеп мәдениет пен ғылымның орталығы болып есептеледі. Қазақстан мен Бахрейн Корольдігінің арасындағы байланыс өте күшті» деп атап өтті Мұстафа әл-Саид.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + nineteen =