Келісімінің қазақстандық үлгісі

0 126

Астана қаласы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Оған ғалымдар, үкіметтік еме ұйымдар, этномәдени бірлестік өкілдері мен студенттер қатысты.
Жиында еліміздегі этносаралық ахуал, жүргізіліп жатқан саяси бағыт туралы әңгіме өрбіді. Астана қаласының дін істері департаментінің маманы С.Есіркепов ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ертеңі баянды болатынын жеткізді. «Вайнах» этномәдени орталығының өкілі М.Дидигова «Working travel» арқылы шетелге көп ақша табу үшін баратын жастарды өз мемлекетімізге еңбек етуге шақырды. Оқу ордамыздың профессоры, саяси ғылымдар кандидаты Р.Нұртазина «Ұлтаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастырудағы БАҚ рөлі» туралы қызықты баяндама оқыды. Жалпы, конференцияда айтылған баяндамалар жастарға этносаралық келісім туралы, толеранттылық туралы мәлімет беріп, ой жүгіртуге әсерін тигізді.

Нұрзада КҮМІСБЕК,
ЕҰУ-дің І курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 3 =