Келiннiң бетi бiр-ақ рет ашылмай ма?!

0 263


Наурыз мерекесiн тойлаған мекемелердiң денi «Беташар» салтын да барын салып көрсетiп әлек. «Әлек» деп әрең айтып отырғанымыздың жөнi бар. Өйткенi, дәстүрдi дәрiптеген ағайынның бiразы бетi ашылмаған қыздың «бетiн ашып» жүр.

Беташардың тәрбиелiк мәнi зор. Шымылдық iшiнде отырған келiннiң ба-сына орамал жауып, той өтiп жатқан үйдiң ең жақын, үлгiлi келiндерi екi жағынан қолтықтап алып шығады. Тiптi, сол келiншектiң екi жағына тұратын әйелдер жесiр, жеңiлтек болмауы қатаң қадағаланады. Сөйтiп, салмақпен қараған бұл дәстүрдiң бүгiнде салмағы азайып кеткендей.
Бiрде тiл жанашыры Мұхамедия Ахмет-Төре баспасөзге берген бiр сұхбатында: «Бет ашу деген өмiрде қыз балаға бiр-ақ рет бұйыратын бақыт емес пе?! Ертең тағы бiр жерде Наурыз болады және бiр орында мерекелiк шара өткенде тағы бетi ашылады дейiк, сосын ол қыз күйеуге шығып, шынымен бетi ашылады. Сонда бес-алты рет бетi ашылған қыздың «Беташар» дәстүрiне деген сезiмi бола ма? Санасын құрттық қой оның. Бұл не? Он рет күйеуге тиюге де болады деу ме? Қазақта ғана бар дәстүрiмiздiң қадiрiн кетiру ғой. Адамға екi рет жаназа шығарғанды көрiп пе едiң?! Сол секiлдi беташарды да, қыз баланы да қолжаулық қылу орынсыз нәрсе. Мектептегi, балабақшадағы баланың басына сәукеле кигiзiп, «үйлену тойы осылай болады» деп көрсетiп жатады. Бұл да масқара ғой» дегенi бар едi жанашырлықпен.
Рас-ау.
Дәстүрдi дәрiптеймiз деп, дәмiн кетiрiп алмасақ болды.

Гүлжан РАХМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − three =