КЕЛЕСІ ЖЫЛҒА ДАЙЫНДЫҚ ОЙДАҒЫДАЙ

0 120

Қазір Астана көшелеріне алуан ағаштар егіліп, гүлзар бақтар саялы тынығу орнына айналды. Қаланың «жасыл өкпесі» аталатын жасыл желектің қала тұрғындарын экологиялық тұрғыдан қорғауда мәні зор. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ бас агрономы Аманжол Кебекбаев айтып берді.– Алдымен атқарылған жұмыс­тарға тоқталсаңыз?
Жақында экологиялық айлық аясында өткен сенбілікте Есіл ауданында Тұран даңғылы бойында, жаңадан са­лынып жат­қан ботаникалық бақта, Алматы ауданында Ақжол көшесі мен №14 көше қиылы­сында, Сарыарқа ауданында Н.Тілен­диев даңғылы мен жаңадан пай­далануға беріліп жатқан Сарыарқа ауданы әкімдігінің ғима­раты маңында – барлығы 4039 дана ағаш көшеті отырғызылды. Бү­гінде қала тұрғындарының сүйікті де­малыс орнына айналған «Жер­ұйық» сая­­бағында 9269 түп бұта тектес ағаш, ал «Арай» саябағында 11012 түп өсімдік жайқалып өсіп тұр. Осының бар­лығы
мекеме қызмет­керлерінің қажырлы еңбегінің жемісі деп түсінген жөн.
– Қазіргі уақытта немен айналысып жатырсыздар?
– Қазіргі кезде күз келуіне байланысты бас қалада жасыл желекті қысқа дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, ағаштардың түбіне калий және фосфор қосылған минералды тыңайтқыштар құйылып, түрлі зиянкестер мен аурулардан қорғау шаралары қолға алынуда. Егер бұл шаруалар дер кезінде атқарылмаса, келесі жылы көп қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан елорданы көгалдандыру барысында сыннан өткізілген, тәжірибе жүзінде дәлелденген ауа райына төзімді қайың, қарағай, шырша қарағаш, үйеңкі, арша, қарақат, тал, терек сияқты ағаштар отырғызылады. Бүгінгі күнде Есілдің сол және оң жағалауындағы саябақтарға да осындай бейімделген, шыныққан ағаштарды белгіленген жоба бойынша егудеміз.
– Қалада қанша субұрқақ бар, оларды қысқа дайындау жайы қалай?
– Бүгінгі күнде елордада 34 субұрқақ кешені жұмыс істеп тұр. Жазда күн жылы кезде бұл субұрқақтардың тоқтаусыз істеп тұруы үшін кәсіпорынның 160 қызметкері күндіз-түні кезекшілік атқарды. Қазір сол субұрқақтарды қысқа дайындау іс-шаралары (су айдындары бетін тақтайшалармен жабу, сусорғы жабдықтарын шығарып тазалау, майлау т.б.) жүргізілуде. Бұл – субұр­қақ­тардың келесі жылы да қалтқысыз қызмет етуіне қажет міндетті алғышарттар болып табылады. Жалпы, субұрқақтар қыркүйек айының соңына дейін жұмыс істейді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =