КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС – «ХАПОЭЛЬ»

0 91

IHA_20130502_298523

УЕФА-ның клубтық турнирі Еуропа лигасының бірінші кезеңінен сәтті өткен «Астана» футбол командасы келесі айналымда Тель-Авивтің «Хапоэль» клубымен кездеседі.

Бейсенбі күні «Астана Арена» стадионында бірінші кезеңнің қарымта матчында Ереванның «Пюник» командасын қабылдаған астаналықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның он үшінші минутында Бауыржан Жолшиев есеп ашты. Оның баспен ұрған соққысына қонақтар қақ­па­шысы Огонян тосқауыл бола алмады. Екінші таймда Дмитрий Шомко алаң иелерінің әдемі комбинациясын тамаша түйіндеді. Ал қарсыластар қанша тырысқанымен «Астана» қақ­пасына доп дарыта алмады.
Осылайша екі ойынның қорытындысында 6:1 есебімен жеңіске жеткен «Астана» екінші кезеңде Еуропада аты шыққан «Хапоэль» командасымен айқасқа түседі. Бірінші матч Тель-Авивте 17 шілде күні өтсе, қарымта ойын 24 шілде күні «Астана Арена» стадионында өтеді.
Ғалым Қожабеков

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − sixteen =