Келелі кездесу

0 95

Жақында Бас редакторлар клубының мүшелері ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифпен кездесті. 

Кездесу барысында экстремизм және лаңкестік, әсіресе, діни экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелерін жариялауда агенттік пен БАҚ арасында тығыз ынтымақтастық орнату тұрғысында жан-жақты мәселелер көтерілді. Діни мәселелерді сауатты жазу үшін «журналистер пулын» құру қажет деген тұжырым жасалды. Осыған байланыс­ты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы дін тақырыбында республикалық және аймақтық БАҚ журналистеріне арналған мақсатты семинар-тренингтер тұрақты өткізіп келеді. Дін тақырыбында қалам тербегісі келетін журналистердің аталмыш семинарға қатысып, білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − eight =