Кел, қазақша сөйлесейік!

0 14

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін, KAZGUU-де мемлекеттік тілді қолдау мақсатында «Кел, қазақша сөйлесейік!» атты тегін тіл орталығы ашылды.

«Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек» деді Президент 2021 жылдың 6 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында.
«Біз 2020 жылдың соңында ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба бастадық. Соның негізінде идеясы өзгеше «Кел, қазақша сөйлесейік!» клубы құрылып отыр. Мұнда сабақ ұлттық менталитет, тарих пен фольклордың ерекшеліктерін, қазақ халқының құндылықтары мен басымдықтарын ескере отырып, арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Ауызекі сөйлеу клубының мүшелері әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен қоғамның өзекті тақырыптарын талқылайды» деді М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева.
Университетте сабақ аптасына екі рет ZOOM платформасында және офлайн форматта өтеді. Алғашқы сабақ 21 қаңтар күні сағат 17:00-де басталады. Қызығушылық танытқан кез келген адам http://bit.ly/qazsoile сілтемесі арқылы тіркеле алады. Ниет білдірушілердің жас ерекшелігі, қазақ тілін білу деңгейі маңызды емес.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =