«Кейіпкер» оқырманға жол тартты

0 60

Елордадағы Жазушылар үйінде жас жазушы, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бо­йынша бірінші орын жүлдегері, драматург Рахымжан Отарбаев атындағы стипендия иегері Бақытгүл Сәрмектің «Кейіпкер» кітабының тұсаукесері өтті.

ҚР Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізген іс-шараға жазушылар мен жас қаламгерлер, оқырмандар қатысты. Белгілі жазушылар Төкен Әлжантегі, Толымбек Әбдіра­йым, қаламгер Анар Қабдуллина, жас жазушылар Есбол Нұрахмет, Бақытбек Қадыр және тағы басқалар «Кейіпкер» проза жинағына енген «Қоңыр үй, ақ жигули», «Ақындардан жеріну» атты әңгімелерге көркемдік жағынан баға беріп, жас жазушының қысқа дүниеге көп мағына сыйдыру, образдық суреттеу ерекшеліктеріне тоқталып, пікір білдірді.
Бақытгүл Сәрмек – әдеби ортаға «Мақта қыз» деген атпен таныс болған есім. Жазған шағын көлемдегі әңгімелері танымал қазақ сайттарында жиі жарияланып, оқырмандар ілтипатына бөленіп жүр. Оның «Қарагер», «Итгершілік», «Ақторының халі», «Кеш батқан кездегі оқиға», «Түйе­бай» әңгімелерінде адамдардың мінез-болмысы, өмірдің әрқилы кезеңдері бейнеленеді. «Кейіпкер» «Қаламгер» баспасынан жарық көріп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 2 =