Кейбір жеделсатылардың пайдалану мерзімі аяқталды

0 119

Александр БЕГАЛИНОВ, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы

– Астанада қол­да­ныс­та қанша лифт бар?

– 2006 жылы 727 лифт тіркелген бол­са, бүгінде олардың саны – 3983. Лифт шаруашылығына 23 компания қыз­мет көрсетеді.

– Олардың қауіпсіздігі туралы не­ айтар едіңіз?

– Елорда тұрғын үйлеріндегі 55 лифт ауыстыруды, ал 24-і күрделі жөн­деуді қажет етеді. Бұдан басқа, нор­­­ма­­т­ив­тік қызмет мерзімі аяқ­тал­­­­­ған­­ лиф­тілер саны да артты. Мә­­­­­­се­­­лен,­ ағымдағы жылы тұрғын үй­­ секторларында 44 лифтінің нор­ма­­­­­т­ив­ті қызмет мерзімі аяқталады. Ал,­ олардың ары қарай қолдануға бо­­­ла­­тын­дығын немесе ауыстыру ке­­­рек­­ті­гін анықтау үшін техникалық диа­г­­­ностика жасау қажет.

– Жалпы, лифт ауыстыру оңай емес. Оның құны қанша болады?

– Бір лифтіні ауыстыру үшін ор­­­­та­ша­ есеппен алғанда 5,8-ден 8,2 млн теңге аралығында қаражат ке­­рек.­ Кейбір көп қабатты тұрғын үй­­ иелері мұндай соманы былтыр бө­­ліп-бөліп төлеу арқылы мәселені оң­­тайлы шешкен.

Бүгінде 45 тұрғын үй кешеніндегі 112 лифт актісі әлі күнге дейін жұ­мыс­ комиссиясына ұсынылмады. Жа­ңа­ тұрғын үйлердің кейбірінде лифтіні тіркетпей-ақ өз беттерінше қолданысқа беру деректері кез­де­седі. Мұндай лифтілердің қауіп­сіз­дігі туралы әкімдікке төрт рет хат жолданып, жиналыс өтті. Бұл­ бойынша «Айя», «Авангард»­, «Ал­­тын райд» және «Хан Тә­ңі­рі» тұрғын үй кешендерін сал­ған­ құрылыс ме­ке­ме­ле­ріне ҚР «Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 239-бабына сәйкес айыппұл салынды.

– Бақылау барысында қандай кемшіліктер кездеседі?

– Лифт қауіпсіздігін бақылау үшін­ арнайы тексерулер жүргіземіз. Мә­се­лен, жыл басынан бері «Инфини­ти»,­ «Грация», «Жағалау-3», «Вик­то­р­ия», «Сармат-1», «Бава­рия»,­ «Нұрқанат» тұрғын үй ке­шен­де­р­ін­дегі лифтілер тіркеліп, ақауы барлары туралы ақпарат Ас­та­на­ қаласы әкімдігіне жолданды.

– Тұрғын үй шаруашылығын жаң­ғыр­ту бағдарламасы бойынша қанша лифт ауыстырылды?

– Бағдарлама аясында биыл бес лифт ауыстырылса, тағы да 6 лифт жабдықтау кезеңінде тұр. Жалпы, 2011-2013 жылдары бағдарлама шеңберінде 62 лифтіні ауыстыру жос­пар­ланған.

 Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + twenty =