Кедергісіз орта қажет

0 21

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов праймериздің қоғам үшін маңызын айта келіп, мүгедектер проблемасын қозғаған Ардақ Оторбаевтың бағдарламасы ұнағанын жеткізді. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті. «Праймериз қаланың дамуы мен қала тұрғындарының өмірін жақсартудағы жаңа тұлғаларды, идеялар мен көзқарастарды анықтауға мүмкіндік берді. Қатысушылардың ұсыныстарында егжей-тегжейлі жазылған маңызды бағыттардың бірі ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау мен жақсарту көтерілген болатын» дейді қала әкімі.

Алтай Көлгінов өз сөзінде мүгедектер қоғамдық бірлестігін басқаратын қатысушы Ардақ Оторбаевтың бағдарламасы ұнағанын ерекше атап өтті.

«Ардақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы біледі. Кем дегенде, сол пандустарды алыңыз — олар, рухы мықты адамдар күн сайын қиындықтарға кезігеді. Қалада не жақсарту керектігін олардан артық ешкім білмейді» деп жазады әкім.
Сөзін жалғай отырып, Ардақ Оторбаевқа әкімдіктен жаңа қызмет ұсынғанын мәлім етті.
«Барлық мәселені бірге қарастырып, шешімін табу үшін Ардақты кеңесші лауазымына шақырдым. Қосымша білім алу мен жұмысқа орналастыру, сондай-ақ біздің оңалту орталықтарымызда емдеу әдістерін таңдау сияқты жағдайларды жасау бойынша бірлесіп жұмыс істейміз. Орталықтар желісін ұлғайттық, жаңа үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар аштық, оңалту орталықтарын салдық. Инватакси санын екі есе ұлғайттық, бірақ бұл шаралар жеткіліксіз. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға кедергісіз орта құру үшін осы бағытта одан әрі жұмыс істейміз» дейді Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 13 =