Кедергі келтірмейтін шлагбаум

0 29

Елорданың тұрғын үй кешендерінде «smart» шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі қолға алынды. Бұл технология шұғыл қызмет көліктерінің үй аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.

Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер «smart» технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі.

«Жыл соңына дейін біз тұрғын үйлердің 30 пайызын «smart» шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарымызда бар. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды» деп жазды инстаграм парақшасында елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =