Кеден ісі мамандарын даярлаймыз

0 277

Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында білім берудегі негізгі мақсат ретінде «… білім алу жастар үшін тек білім мазмұнын игеру емес, оны әлеуметтік адаптация (бейімделу) үдерісіне пайдалана алатын іскерлік беруі қажет» деп атап кетті.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда кеден органдарының кәсіби шыңдалған, жұмысқа қызығушылығы басым қызметкерлер дайындау, жаңа, үнемі дамып отыратын кедендік аймақта бейімделуге қабілетті мамандар дайындау үлкен маңызға ие.

Қаржы полициясы академиясы (бұдан ары – Академия) білім беру қызметі нарығында ерекше орын алады. Мұнда 1999 жылдан Қазақстан Республикасы кеден органдары үшін тыңдаушылар дайындау жүзеге асырылады. Академияда Кедендік Одақ шекарасы арқылы тасымалданатын транспорт құралдары мен тауарларды кедендік бақылаудан өткізу, шекара аясындағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алатын кеден ісі офицерлерін дайындайды.

Экономикалық қауіпсіздік және Қазақстанның экономикалық мүдде­сін қорғау қызметінде болатын болашақ кеден ісі қызметкерлерінің кәсіби дағдысы мен іскерлігі, тәжіри­белік бағытын қалыптастыруға Ака­демияның оқу үдерісінде қолданы­латын жаңа технологиялар кеңінен пайдаланылады.

Маман даярлау жұмысында ма­ңыз­ды бағыттардың бірі болып тыңдаушылардың ғылыми ізденіс жұмысы болып табылады. Төменгі курс тыңдаушыларының бойын­да ғылыми ізденіс жұмысына қы­зы­ғушылығын ояту, ұлттық ке­ден­дік заңнама және Кедендік Одақ заңнамасын оқу, таныстыру, ізден­діру үшін 1-2 курс «Кеден ісі» маман­дығының тыңдаушылары қамтылған «Қазақстан Республикасы Кедендік заңнамасының өзекті аспектілері» атты ғылыми үйірме жұмысы ұйым­дастырылған. Ал, 3-4 курс тың­дау­шылары «Кедендік әкімшілік жүргізу құқығын қолданудың өзекті мәселелері» ғылыми үйірмесінің отырысында талқыланатын сұрақтар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, кәсіби тұрғыдан көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті тәжірибесінің құнды дағдыларын жинақтай алады.

Жыл сайын Академияда кеден ісі мамандығының тыңдаушылары қатысуымен ғылыми-теориялық конференциялар, дөңгелек үстелдер өтіп тұрады. 2012 жылдың 13 сәуірінде Академияда жоғары оқу орындары аралық «Кедендік әкімшілік жүргізудің: барысы, мәселелері және перспективті жетілдірулері» атты ғылыми-теориялық конференциясын Академияның кеден ісі кафедрасы ұйымдастырып өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Академиясының тыңдаушылары, Алматыдағы ҚР Ішкі Істер министрлігі Академия­сының тыңдаушылары, Еуразия гуманитарлық институтының студенттері, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік тех­никалық университетінің студент­тері, Қазақ Гуманитарлық заң уни­вер­ситетінің, Қазақ экономика, қар­жы және халықаралық сауда универ­ситеттерінің студенттері атсалысты.

Кеден ісі кафедрасының профес­сорлық-оқытушылық құрамы тыңдау­шылардың патриоттық тәрбиесіне, Отанға құрмет, өзінің болашақ маман­дығы жүктеген жауапкершілік тәрбиесіне үлкен көңіл аударады. Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінің тыңдаушылар арасындағы білгірін анықтау бойынша Академияда жылда дәстүрлі түрде «Кеден ісі» мамандығының 1-3 курс тыңдаушылары арасында байқау өткізілді.

А.АБДИРОВА,
Кеден ісі кафедрасының аға оқытушысы, қаржы полициясының аға лейтенанты
М.КАСЫМОВА,
Кеден ісі кафедрасының аға оқытушысы, қаржы полициясының капитаны

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 5 =