Каспийге қатысты заң жобасы қаралады

0 7

2021 жылғы 14 қазанда өтетін жалпы отырыста сенаторлар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды

Бұл Хаттаманы ратификация­лау биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалануға, мемлекеттердің Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғаудың жедел және тиімді шараларын іске асыру бойынша көпжақты ынтымақтастығына ықпал етуге және осы бағыттағы ұлттық заңнамаларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұған дейін Мәжілістен келіп түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне қарауға жіберілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − twelve =