Кәсiптiк бiлiмнiң қайнары

0 72

Елордада «Тұран-Профи» Халықаралық кәсiптiк академиясының Бiлiктiлiктi арттыру институты  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  жұмыссыз әйелдердi және Ақмола облысының тұрғындарын еңбекпен қамту мақсатында қажеттi мамандықтарға оқыту және қайта даярлау курстарын бастады.  
Қазақстан iскер әйелдерi қауымдастығының  бағыттауымен биылғы күзге дейiн Астана  және Алматы қалаларынан 410 адам қамтылатын болып отыр. Жұмыссыз әйелдердi жұмыспен қамту үшiн арнайы курстарда оқыту үшiн «Шеврон» компаниясы қолдау  көрсетуде. Сонымен қатар, аталмыш институтта Ақмола облысына қарасты Целиноград және Аршалы аудандарынан 89 адам кәсiптiк бiлiм алуда. Курсқа қатысушылар негiзiнен кәсiбiн ауыстыруды немесе жетiлдiрудi мақсат еткен адамдар болып отыр. Олар электрогаздәнекерлеушi, есепшi, iс жүргiзушi, шаштараз, электронды есептеуiш машиналардың операторы сынды мамандықтар бойынша бiлiмдерiн жетiлдiредi.
Бiлiктiлiктi арттыру институтының проректоры Дарын Қаппаровтың айтуынша, курста 3 ай бойы бiлiм мен тәжiрибе берiлетiн болады. Алдағы уақытта жаңа мамандықтарды оқу және қайта даярлау курстарына қатысушыларды  жатақханамен қамтамасыз етудi де жоспарлап отыр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 8 =