КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

0 198

arabtec2-619x310

Кеше Астана қаласындағы «Абу-Даби Плаза» көп қабатты ғимаратының құрылысын жүргізуші «Aravtek Consoladated Contractors Limited» компаниясы қызметкерлерінің конференциясы өтті. Онда кәсіподақ құру мәселесі қаралды.

Делегаттардың алдында Құрылыс кешені қызметкерлері республикалық кәсіподағының төрағасы Құсейн Есен­ғазин сөз сөйлеп, кәсіподақтың жарғылық мәселелері, мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестік ұйымдастыру жолдары туралы әңгімеледі. Басқосуда Қазақстан кәсіподақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, қалалық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Сәрсен­бай Мыңбаев ойын ортаға салды.

Шараға қатысушылар арасынан бригадирлер Сәкен Мұқанғалиев пен Толыбай Ысқақов жарыссөзге шығып, бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

Делегаттар ұйымды құру туралы шешім қабылдап, кәсіподақ комитетінің төрағалығына Айтжан Байшүкеновті са­йлады. Жұмысшылар кәсіподаққа алғашқы талап-тілектерін білдірді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 9 =