КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС АШЫП ОТЫР

0 84

ERA_5153

Өткен жазда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. 6-13 тамыз аралығында, бір апта ішінде еліміздің ірі қалаларында 22 кеңес беру орталығы ашылып, кәсіпкерлерге түрлі тегін қызметтер көрсетіле бастады. Мәселен, сол орталықтарда «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Агробизнес – 2020» секілді мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Жақында Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының ұйымдастыруымен «Кәсіпкер күні» шарасы өткізілді. Онда осы ұйымдардың мамандары кәсіпкерлерге ұсынып отырған жобалары жайында әңгімеледі.

Қазақстан Халық банкі ша­ғын және орта бизнесті қолдау­ға арналған несиелеу бағдарламаларын ұсынып отыр. «Халық кәсіпкер», «Жеделдетілген халық кәсіпкер», «Халық бизнес старт», «Бизнес medium», «Бизнес келісімшарт», «Бизнес депозит», «Овердрафт (кәсіпорындарды қысқа мерзімдік несиелеу бағдарламасы)», «Халық-агро» деп аталатын бұл несиелер туралы банк мамандары жан-жақты ақпарат беріп, буклеттерді таратты.

– «Халық бизнес старт» бағдар­ла­масы өз ісін енді ғана бастаған кәсіпкерлерге арналады. Яғни, кәсіп­кер ретінде тіркелгеніне бір жыл бола қоймаған заңды тұлғаларға ұсынылады. Бұл топқа жеке кәсіп­керлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады. 1,5 млн тең­ге­ден 20 млн теңгеге дейін қар­жыландыру сомасы 3 айдан 60 айға дейін мерзімге беріледі. Кәсіпкерлер оның 30 пайызын депозитке кепілге салады, ал 70 пайызына «Даму» қоры кепілдік береді. Мысалы, кә­сіпкер 10 млн теңгені қажет етсе, де­позитында жатқан 3 млн теңге несие алуға әбден жеткілікті. Бұл жағдайда жылжымайтын мүлікті кепілге салудың керегі жоқ. Биыл іске қосылған бұл бағдарламаға кә­сіпкерлер үлкен қызығушылық та­нытуда. Бірақ, «Халық бизнес старт» арқылы несие алғысы келетіндер алдымен «Бизнес кеңесші» бағдар­ла­масы бойынша оқудан өтіп, сауат­ты бизнес жоспар ұсынулары шарт, – дейді банктің Астана өңірлік филиалының шағын бизнеске сату қызметін ұсыну орталығының бас­шысы Анжелика Қайыржанова.

«Даму» кәсіпкерлерді қол­дау қорының менеджері Серік Доса­лиевтің айтуынша, қор «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерді кешенді қолдау ісін жүргізіп келеді. Атап айтсақ, субсидиялау және кепіл­дендіру бағдарламалары бойынша көмек беріледі. Сондай-ақ, «Іскерлік байланыстар» жобасы арқылы Назарбаев Университеті мен ше­тел­дерде оқуға құзыреттілікті жо­ғарылату қызметін көрсетеді. «Суб­сидиялауға 14 пайыздан аспайтын несиелер жатады. Оның 7 пайызын несие алушы, қалғанын «Даму» қоры төлейді. Несие 3 жылға алы­нады, алайда кәсіпкерлер оны 10 жылға ұзарту мүмкіндігіне ие» дейді ол. Қосымша ақпаратты damu.kz сайтынан және Қажымұқан көшесі, 8а мекенжайында орналасқан Кә­сіп­керлерге қызмет көрсету орта­лығына келіп алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АӨФ Шағын және орта бизнеске сату орталығының +7 717 2 591 150 және +7 7172 591 183 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

 

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 8 =