Кәсіпкерлік пен өндіріс саласында өсім бар

0 168

Қаланың кәсібі мен өндірістік саласына қан жүгіртіп, елорданың индустриалды-инновациялық дамуына бас-көз болып отырған Астана қаласының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының соңғы 6 айдағы жетістіктерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Шағын кәсіпкерлік

Жалпы Астана қаласы эко­но­м­икасының 60 пайызы – кәсіпкерліктің үлесінде. Демек, бұл саланың елорда дамуы үшін маңызы айрықша.

2013 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша, Астанада 101 221 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген екен. Бұл – былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 11,3 пайызға артық көрсеткіш. Оның ішінде заңды тұлғалар – 34 239, жеке кәсіпкерлер – 66982 (11,0 пайызға артық).

Астана қаласы бойынша Салық департаментінің дерегіне сүйенсек, ағымдағы жылдың соңғы 6 айындағы ахуал бойынша, шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың саны былтырғымен салыстырғанда 14,6 пайызға өсіп, 66 724-ті құраған. Соның ішінде заңды тұлғалар – 21 689 болса (11,1 пайыз артық), жеке кәсіпкерлер – 45 035 ( 16,4 пайызға артық).

Ал базарларда белсенді жұмыс істеп жатқан шағын кәсіпкерлік субъектісі – 51 388 бірлікті құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 26,5 пайызға асып түскен.

Шағын кәсіпкерлікпен айналысып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 150,6 мың адам тіркелген. Бұл 2012 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 27,5 пайызға артық.

Шағын кәсіпкерлік субъектілер-інің қызметі арқасында өндірілген өнімнің көлемі қаңтар-мамыр айлары аралығында 130 972 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға асып түскен.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, Астана қаласының экономикасына жалпы сомасы 271 934 миллион теңгені құрайтын несие берілген. Соның ішінде шағын кәсіпкерлікті несиелеуге берілген қаржының көлемі – 24 130 миллион теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 74,2 пайызға азайғанын көрсетеді.
Шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке келіп түскен салық және басқа да төлемдердің көлемі 2013 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша 51 393,9 млн теңгені құрады.

Жалпы алғанда, орта және шағын кәсіпкерлікпен нәпақасын тауып жүрген азаматтардың саны соңғы 6 ай ішінде 173,5 мыңды құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6 пайызға артқан. Соның ішінде белсенді субъектілер саны 52 160 бірлікті құрап, былтырғыға қарағанда 26, 1 пайызға өскен. Осы саланың тізгінін ұстаған азаматтардың көрсеткен қызметі арқасында тауар көлемі 2013 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 486 455 млн теңгені құрапты.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы

Астана қаласындағы кәсіп-керліктің дамуына «Бизнес-тің жол картасы – 2020» бағдарламасының ықпалы мол. Бұл – басқарма бақылауындағы маңызды жобаның бірі.

2013 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша, Астана қаласында Индустриалдық дамуды жеделдету жөніндегі үйлестіру кеңесі 43 жобаны мақұлдаған. Банктер берген кредиттердің пайыздық ставкаларын субсидиялау жөніндегі лизингтік компания жалпы несиелік желісі 6 937,6 миллион теңгені құрайтын 42 жобаны мақұлдаса, соның 5-еуі кепілдік кредиті бойынша, енді бірі инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау тапқан.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 894,6 млн теңге бөлінсе, соның ішінде пайыздық ставкаларды субсидиялауға – 3 535,3 млн теңге, ішінара кепілдікке – 70,0 млн теңге, сервистік қызметке – 50,0 млн теңге, кепілдікті қаржыландыруға – 24,0 млн теңге және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 215,3 млн теңге бөлінген.

Өнеркәсіптік өріс

Астана қаласының өнеркәсіп саласының 81,2 пайызын өңдеуші кәсіпорындар құрап отыр. Қалған 15,8 пайызы – электрмен қамтама-сыз ету, газ, бу беру салаларына тиесілі болса, 3 пайызы – су, кәріз және қалдықтарды жинау мен таратуды бақылау жүйелері үлесінде.

2013 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіптік өндірістің күшімен 106 781,6 млн теңге көлеміндегі өнім шығарылған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, оның нақты көлем индексі 127,3 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 86 715,9 млн теңгенің өнімі өндірілген, нақты көлем индексі – 30,5 пайызға өскен:
– машина жасау саласында (үлесі – 59,8 пайыз) 51 852,7 млн теңгенің қызметі көрсетіліп, өнімі шығарылған, нақты көлем индексі 2 есеге өскен. Дизельді локомотив өндірісі – 1,7 есеге артса, керісінше, насос шығару 36,8 пайызға кемігені байқалады.
– тоқыма өнеркәсібінде өндірілген өнімнің көлемі – 61,5 млн теңге, нақты көлем индексі – 180,1%;
– металлургия саласында нақты көлем индексі 1,6 есеге өсіп, 368,0 млн теңгені құраған;
– тері өңдеу саласында шығарылған өнімнің көлемі 3,2 миллион теңгені құрап, 1,5 есеге артқан.
– металл емес минералдық өнімдерді өндіру 1,3 есеге артып, 15 646,0 млн теңгені құрады, құрастырмалы-жиналмалы өнім өндірісі көбейіп, бұл саланың шығарған тауары 1,7 пайызға, кірпіш, плита өндіру – 14,4 пайызға, бетон шығару 1,3 есеге өскен.
– сусындар өндірісінде 173,9 млн теңгенің өнімі шығарылды, нақты индексі көлемі –116,0 пайыз.
– азық-түлік өндірісі бойынша қаңтар-мамыр айларында 8 196,1 млн теңгенің өнімі өндірілген, нақты көлем индексі – 100,7 пайыз. Соның ішінде макарон өнімдері – 57,4 пайызға, нан – 18 пайызға, сүт 27,0 пайызға артты. Керісінше, шұжық өндіру – 30,4 пайызға, ұн – 5,7 пайызға, жарма 19,7 пайызға кеміген.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 4 777,2 млн теңгенің өнімі өндірілген, нақты индекс көлемі – 87,0 пайыз.

2013 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш бойынша, құбыр шығару өндірісі 69,1 пайызға төмендегені байқалды. Есесіне, терезе, есік жасау өндірісі 1,7 пайызға артты.

Машина мен құрылғылардан өзге дайын металл өнімдерді өндіру көлемі 3 602,5 млн теңгені құрады, нақты индексі көлемі – 98,8 пайыз.

Индустриалдық даму қарқыны

Елімізде индустриалдық-инновациялық даму жобаларына айрықша маңыз беріліп отырғаны белгілі. Осы саланы жеделдетіп дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында Астанада 2010-2014 жылдары Индустриаландырудың аумақтық картасы бойынша 71,8 млрд теңгені құрайтын 10 жоба пайдалануға беріліп, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Бүгінгі таңда елордада жалпы көлемі 319,2 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның негізінде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2013 жылдың аяғына дейін 7,1 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылады. Қалған 4 жобаны 2014 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұған қоса, Индустриалдық парк аумағында 46 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Оған құйылған инвестиция көлемі – 166 млрд теңге, игерілгені –50,8 млрд теңге.

Қалалық әкімдік өнімдердің сапасы мен жобалардың бәсекеге қабілетті болуын да жіті назарда ұстап отыр. Осы мақсатта өнеркәсіптік кәсіпорындарына ИСО, OHSAS, SA, ХАССП серия-лы халықаралық сапа стандартын енгізуді насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде биыл 1 маусымға дейін осы халықаралық стандартты қолданысқа енгізген кәсіпорындардың саны 607 бірлікке жеткен.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жергілікті тауар өндірушілердің өзара іскерлік байланысын нығайту, бір-бірімен тәжірибе алмасу алаңын кеңейту мақсатында әртүрлі бизнес-форумдар, көрмелер, дөңгелек үстел жиындарын, түрлі кездесулер мен тұсаукесерлер өткізіп келеді. Бұл – кәсіпкерлердің бизнес саласындағы біліктілігін де жетілдіре түседі дейді мекеме өкілдері.

Әзірлеген:
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
­

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =