КӘСІПКЕРЛІК ПЕН БИЗНЕСТІҢ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

0 83

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі брифингі өтті. Орталықтың ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Үкімет мүшелерінің жұмыс жоспарымен таныстырды. 

Сонымен, ертең ҚР Премьер-ми­нис­трі Серік Ахметовтің төра­ға­лы­ғымен Үкімет отырысы өтеді. Онда елдегі кәсіпкерлік пен бизнестің жай-күйі талқыланады деп жоспарланып отыр. 12 наурызда Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі әңгіме өзегіне айналмақ.

Ал, 14 наурызда Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барады. Сапар аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен нақты сектордың нысандарына барып, оған қоса, іскерлік топ өкілдерімен кездесіп, қаланың даму мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Қазақстан Үкіметінің делегациясы 15 наурызда Мәскеуде өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің 57-ші отырысына қатысады. Онда 2020 жылға дейінгі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Инновациялық ынтымақтастығы мемлекетаралық бағдарламасының іске асырылуы барысы туралы мәселелер талқыға салынады. Орталық өкілінің мәлімдеуінше, 13-15 наурыз аралығында Хельсинки қаласында кезекті Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді.

– Оған ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және еліміздің іскерлік топтар өкілдері қатысады деп жоспарланған, – деді А.Әбибуллаев.

А.ШОШАЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 14 =