Кәсіпкерлерге қолдау

0 10

Елордада өткен жылы республикалық бюджеттен «Жол картасы» бағдарлама аясында 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкердің 67 жобасы қолдау тапты. Оның ішінде, 23-і – кәсіпкер (13 – көпбалалы), 22-і – жастар, 23-і – халықтың әлеуметтік осал топтары.

Без названия (3)

Гранттар «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілді. Бұл қаражатқа кәсіпкерлер құрал-жабдық, жиһаз және компьютерлік техникалар сатып алады. Жаңа іс бастағысы келетіндер «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша тегін курстардан өтуі тиіс.

Курс қаржылық жоспарлаудың барлық модельдерін, кәсіпкерлік негіздерін, экономиканы, менеджментті, маркетингті, құқықты қамтиды. Курстан өту кезінде кәсіпкерлер барлық тәуекелдерді, ішкі және сырт­қы нарықтарды зерделейді және бизнес-тәлімгердің басшылығымен бизнес-жоспарды іске асырады. Оқудан басқа, курс қатысушылары кәсіпкерлер палатасына тегін бизнес-жоспар құру бойынша көмек сұрай алады.Гранттарға тек жас астаналықтар ғана емес, көпбалалы отбасылардың өкілдері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары ие бола алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =