КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

0 99

планшет даму бизнес аумак

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының үш жылғы қорытындысымен және 2014 жылғы жоспарларымен бөлісті.

Аталмыш бағдарлама іске қосылған 2010 жылы кәсіпкерлермен 135 жоба бо­йынша субсидия туралы шарт жасалса, үш жылда бұл сан тоғыз есе өсіп, 1271 жобаға жеткен. Ләззат Еркенқызының айтуынша, бастапқы жылы бағдарламаға отандық кәсіпкерлерді тарту жұмысы жүргізілсе, бұдан кейінгі уақыттарда бағдарлама еліміздің барлық өңірлерінде толыққанды жұмыс істей бастаған.

2011 жылы кәсіпкерлерге ең тиімді тетік – субсидиялау болса, бағдарлама 2012 жылы кепілдендіру тетігімен толықты. Ең жемістісі 2013 жыл болды. Осы жылы мемлекетіміздің барлық облыс орталықтарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылып, «Бір терезе» қағидаты бойынша тегін кеңестер алуға қол жеткізді. Сондай-ақ, биыл «Бизнес аумағы» атты бірыңғай мемлекеттік портал іске қосылды. Одан бөлек мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдем беретін «Даму-Көмек» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Арнаулы www.damu-komek.kz сайты арқылы көмекке мұқтаж мүгедек жандарға ірі бизнес құрылымдарындағы әлеуетті демеушілер қолұшын созды. Соның арқасында ағымдағы жылдың желтоқсан айына келгенде сайтқа 1254 өтініш түсіп, олардың 863-і бойынша жәрдем берілді.

2010 жылдан бері жалпы құны 22 млрд теңге 251 келісімшартқа қол қойылған

3

Мемлекет субсидиялау көлемін жыл сайын ұлғайтуда

2

Келесі жылдың жоспарларына келсек, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары еліміздің барлық аудандарында ашылмақ. Сонымен бірге субсидияларға 32,4 млрд теңге бөлініп, субсидияланатын жобалардың саны 1,5 мыңға жетуі тиіс. Одан бөлек кепілдендіру тетігімен қолдау көрсетілетін кәсіпкерлердің санын 500-ге жеткізу көзделуде.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =