Кәсіпкерлерге көмек

0 27

Карантиндік шектеу шараларына байланысты шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетілмек. Яғни қарыздарын өтеу күндері ке­йінге шегеріледі.

Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев шағын және орта бизнес субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша биылғы жылдың 3 тамызынан 1 қазанға дейін 60 күн кейінге қалдыруға мүмкіндігі беріледі. Ал кредиттік ұйымдар шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды талап етпей-ақ қабылдайды. Өтініштер 2 жұмыс күнінде қаралады. Әр түскен өтініші жеке тәртіппен бағаланады. Сөйтіп қаржылық жағдайы төмендеген кәсіпкер кемінде 90 күннен аспайтын мерзімге несиесін төлеуді шегере алады.

 Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × three =